ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 1-қосымша
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (2024.18.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.29.02. № 82 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|