Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 390-1465 қаулысына 1-қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 512-436 Қаулысымен күші жойылды
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді, байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетiлетiн қызметті алушы) тегiн көрсетiледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|