Осы редакция 2017 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына 2-қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау: 1) Министрлiктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын (ХҚО)-қа, тапсырылған сәттен бастап сондай-ақ портал арқылы кезде: кәсіби дипломды беру - күнтізбелік 30 (отыз) күн; кәсіби дипломның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күн. ХҚО жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ХҚО-да - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ХҚО-да - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|