Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.20.04. № 232 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі -«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; 2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; 3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; 4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|