Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетика кешені және экология жөніндегі қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетика кешені және экология жөніндегі қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі М.М. Мырзағалиевке жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 98 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетика кешені және экология жөніндегі қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетика кешені және экология жөніндегі қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Министрліктің Қоғамдық кеңесі) – Министрлік, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың өкілдерінен тұратын, Министрлік пен коммерциялық емес ұйымдар және азаматтардың арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтасты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|