ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Ардагерлер туралы
Осы редакция 2021 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 3-бап. Ардагерлер және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар 4-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлері 5-бап. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері 6-бап. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 8-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар 9-бап. Ардагерлердің мәртебесін белгілеу 10-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары 12-бап. Еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары 13-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары 14-бап. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары 15-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру 16-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды тоқтата тұру және тоқтату 17-бап. Жергілікті өкілді органдар мен ұйымдардың құқықтары 18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші ардагерлер деп танылған немесе осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3-бап. Ардагерлер және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар 1. Осы Заңға сәйкес мыналар ардагерлер болып танылады: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; 3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; 2. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар осы Заңның 8-бабында айқындалған.
4-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мыналар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жатады: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер.
5-бап. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері Мыналар басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады: 1) бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда); 2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер; 3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; 4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері; 5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер; 6) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 7) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 8) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
6-бап. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер Мыналар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп танылады: 1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда: майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары; Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдары; Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған адамдар; Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар; бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделері үшін міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еріксіз ұсталған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері; Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар; Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар; 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер; қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары; басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер; 1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.
Еңбек ардагерлеріне мыналар жатады: 1) Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; 2) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар; 3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар; 4) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
8-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға мыналар жатады: 1) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерді) атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын әрекет етушілердің, осы Заңның 4 - 6-баптарында аталған адамдардың отбасылары; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектілік және авариялық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінің отбасылары; бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерінің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары; 2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы); 3) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар; 4) 1979 жылғы 1 желтоқсан - 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер; 5) бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері. Ескертпе. Осы баптың 1) тармақшасының мақсатында әлеуметтік қолдауға құқық берілетін отбасы мүшелері мыналар болып табылады: қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленетін балалары мен басқа да асырауындағылары; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы).
9-бап. Ардагерлердің мәртебесін белгілеу Ардагерлердің мәртебесі осы Заңға сәйкес айқындалады және Ұлы Отан соғысы жылдарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша ұрыс операциялары кезінде, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары кезінде майдандағы армияға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысуды, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысуды растайтын анықтамалардың, әскери билеттердің және өзге де құжаттардың, жаралану, мүгедектік туралы анықтамалардың, сот-медициналық қорытындылардың негізінде белгіленеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне осы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін береді. Қалған ардагерлерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақылар) алушы куәлігіне белгі қойылады.
10-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары 1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу; 2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек; 3) егер олар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылса және бұрын тұрғынжайды бірінші кезекте алу құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың біржолғы бірінші кезекте тұрғынжаймен қамтамасыз етуі; 4) жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін біржолғы бірінші кезекте алу; 5) коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өздері тұратын тұрғынжайларды Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікке беру (Ұлы Отан соғысының тұрғынжай берілген ардагері қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді); 6) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен білікті медициналық көмек алу; 8) протездермен (тіс протездерінен басқа) және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету; 9) Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұмыс істеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққан кезде де пайдалану құқығы; 10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу; 11) барлық байланыс қызметін кезектен тыс пайдалану құқығы; 12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңілдікті салық салу. 2. Ұлы Отан соғысының қайтыс болған жалғызілікті ардагерлерін жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсімдерін орындай отырып жүзеге асырады. 3. Отбасы мүшелеріне не Ұлы Отан соғысының қайтыс болған ардагерін жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. 4. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. 5. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен, «Отан» орденімен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға әскери құрмет көрсетіле отырып, тегін жерлеу және қабірлерінің басына құлпытас орнату құқығы беріледі.
11-бап. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді әлеуметтік қолдау шаралары 1. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу; 2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек; 3) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тұрғынжаймен қамтамасыз етуі; 4) жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін біржолғы бірінші кезекте алу; 5) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен білікті медициналық көмек алу; 7) ардагерлер жұмыс істеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққан кезде де пайдалану құқығы; 8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу; 9) білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде балдары тең болған жағдайда артықшылықты құқық; 10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді; 11) барлық байланыс қызметін кезектен тыс пайдалану құқығы; 12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңілдікті салық салу. 2. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған жалғызілікті ардагерлерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген қайтыс болған жалғызілікті ардагерлерді жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсімдерін орындай отырып жүзеге асырады. 3. Отбасы мүшелеріне не басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерді жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. 4. Осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында аталған ардагерлерге мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
12-бап. Еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары 1. Еңбек ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу; 2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек; 3) жұмыс істеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққан кезде де пайдалану құқығы; 4) барлық байланыс қызметін кезектен тыс пайдалану құқығы; 5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңілдікті салық салу. 2. Отбасы мүшелеріне не қайтыс болған еңбек ардагерін жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
13-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу; 2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек; 3) жұмыс істеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққан кезде де пайдалану құқығы.
14-бап. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары 1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына мынадай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады: 1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың тұрғынжаймен қамтамасыз етуі; 2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен білікті медициналық көмек алу; 4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу; 5) жерленген жерге тегін баруға және кері қайтуға (бірақ үш адамнан аспайды), сондай-ақ әскери қызметші қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде отбасы таңдаған тұрғылықты жеріне тегін жол жүруге құқық; 6) қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшіні тегін жерлеу өзінің соңғы қызмет өткерген орны бойынша жүзеге асырылады (бейбіт уақытта әскери (азаматтық) борышын өтеу кезінде қаза тапқан немесе жалпы аурудан қайтыс болған әскери қызметшінің мәйітін отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу (қайта жерлеу) орындарына тасымалдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Мемлекеттік күзет қызметінің шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін). |
Содержание 1-бап. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Ардагерлер және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар4-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлері5-бап. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері6-бап. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер7-бап. Еңбек ардагерлері8-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар9-бап. Ардагерлердің мәртебесін белгілеу10-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары11-бап. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді әлеуметтік қолдау шаралары12-бап. Еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары13-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары14-бап. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары15-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру16-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды тоқтата тұру және тоқтату17-бап. Жергілікті өкілді органдар мен ұйымдардың құқықтары18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |