Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі мен полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Ішкі істер министрлігінің заңды тұлғалар болып табылатын арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне шартты атаулар береді;»; 27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «27) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын: «52-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдында есеп беруін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекітеді;»; 58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|