Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы (2019.10.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы» 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 Жарлығын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» мемлекеттік мекемесi құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ереже бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2001 ж., № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық 14». 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 2. Ұлттық орталық өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына, «Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 Жарлығына, осы Ережеге, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|