Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы (2018.09.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 550 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер; 3) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары; 4) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi; 5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - Заңмен белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары; 6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - қор) - асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтiк аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға; 7) мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері - мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері; 8) уәкiлеттi орган - қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2-тарау. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс. Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.27.12. № 862 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы енгізіледі. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiлерi мыналар болып табылады: өзі үшін - алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы; жалдамалы жұмыскерлер үшін - қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар. 4. ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.12. № 1310 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 239 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Қорға әлеуметтік аударымдар: 1) Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында белгіленген; 2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 19), 20), 21) 27) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген; 3) Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген табыстардан төленбейді. ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 617 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 239 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мөлшерде белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3-тарау. Әлеуметтік аударымдарды аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.29.09. № 603 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Төлеушiлер қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілетін мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi. Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді. Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдарды төлеудің ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді. ҚР Үкіметінің 2017.29.09. № 603 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (ай, жыл) қамтуы тиiс. Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында - форматта көзделген жеке «ААЖЖЖЖ» деген жолда көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. 11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 239 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда 12. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банк шотынан есептен шығарылған күні аударуға міндетті. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары келіп түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады. Мемлекеттік корпорация: 1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген; 2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын; 3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді. Бұл ретте егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын жағдайда, хабарлама жіберілмейді. Хабарлама нысанын бюджетке салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орган белгілейді. Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Мемлекеттік кірістер органы төлеушілерден міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешекті кейіннен Қорға аудару үшін көрсетілген тізімдерді қоса беріп, төлеушілердің банктік шоттарына инкассолық өкімдер береді. Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда, міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті. Салық төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады. Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс. Мемлекеттік кірістер органының банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осындай өкім шығарған мемлекеттік кірістер органы банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді. 18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн «төлем мақсаты» деген жолда - «кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл» деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. 19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 20-тармақ жаңа редакцияда 20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомалары түскен күннен кейінгі операциялық бір күн iшiнде қордың банктік шотына ақшаны MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады. 21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi. 22. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 23. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 24-тармақ жаңа редакцияда 24. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: төлеушi (төлеушінің банктері және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды) мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi; өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi; мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып қорға жiбередi; әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың есептелу фактісі расталмаған жағдайда мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттарымен төлеушіге қайтарады; қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен ақшаны төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде оны мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады; мемлекеттік корпорация қайтаруға жататын әлеуметтік аударымдар сомалары бойынша есептелген қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің тағайындалу фактісін анықтаған жағдайда, мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдар сомалары келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күн ішінде оларды қордың шотына қайтарады; қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша қор бас тарту себептері туралы ақпаратты кейіннен төлеушіні хабардар ету үшін мемлекеттік корпорацияға бередi; мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын қордан қаражат келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей төлеушiге аударады; мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады; мемлекеттік корпорация қорды әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың қайтарылған сомаларын аудару туралы операциялық бір күн ішінде электрондық нысанда хабардар етеді; мемлекеттік корпорация мен қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан төленетін әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда 25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды. 26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда 27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады. 29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi. Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 30, 31 және 32-тармақтармен толықтырылды 30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады. 31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады. |