ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада: мазмұнында: «II. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар мен жалпы тәсілдер» деген бөлім мынадай мазмұндағы 3.8.-жолмен толықтырылсын: «3.8. «Жасыл экономикаға» әділетті түрде көшу: ауыртпалықты бөлу және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау»; «4. «Жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «4. Экологиялық білім беру жүйесін қалыптастыру және халық пен бизнестің экологиялық мәдениетін арттыру, «жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету»; «I. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі пайым» деген бөлімнің кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «I. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі пайым Қабылданған «Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (бұдан әрі - Стратегия - 2050) елдің «жасыл» даму жолына көшуі кезінде экономиканың орнықты және тиімді нарықтық моделін құрудың нақты бағдарларын белгілеп берді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|