Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелді) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру рәсімін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің - www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің паспорттық елтаңбалы мөрімен және қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлік беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|