2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Түркістан облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 585 548 359 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 25 126 289 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 1 984 004 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 323 мың теңге; трансферттер түсiмi - 558 468 743 мың теңге; 2) шығындар - 582 388 759 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 4 979 314 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 7 820 863 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 841 549 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1 905 075 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 1 905 075 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 3 724 789 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 724 789 мың теңге. 2. 2020 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз; облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|