Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара
ҚР 2016 жылғы 15 наурыздағы № 471-V Заңымен ратификацияланды
2016 жылғы 29 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер, 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып, ұлттық заңнаманы және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, Тараптардың шекара маңындағы аумақтарында мемлекеттік шекараларды күзету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауды нығайту мақсатында, шекара саласындағы қатерлерге қарсы күреске бағытталған тиімді шараларды қабылдауда өзара мүдделілікті негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты үшін онда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: «Шекара қызметі» - Тараптардың мүдделі органдарының мемлекеттік шекараны күзету және ол арқылы адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жануарлар мен өсімдіктерді өткізу жөніндегі ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын қызметі; «Шекара маңындағы аумақ» - әрбір Тараптың, Тараптардың заңнамасына сәйкес, шекаралық қызмет жүзеге асырылатын мемлекеттік шекараға, шекаралық өзендерге, көлдерге және өзге де су айдындарына, теңіз жағалауының маңына іргелес аумағы, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің аумағы.
Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптардың жауапты құзыретті органдары (бұдан әрі - құзыретті органдар): Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Қытай Халық Республикасынан - Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|