«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 934 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 159-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «159-2) Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 227) және 228) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «227) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесін әзірлейді; 228) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;»; мынадай мазмұндағы 239-1), 239-2), 239-3), 239-4), 239-5) және 239-6) тармақшалармен толықтырылсын: «239-1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерiн қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi; 239-2) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 239-3) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|