«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында: 1-тармақ мынадай редакцияда 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) арнайы бөбекжай; 7) арнайы балабақша.»; 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары: 1) білім беру деңгейі бойынша: бастауыш мектеп; негізгі орта мектеп; жалпы орта білім беретін мектеп; 2) оқыту бейіні бойынша: гимназия; лицей; бейіндік мектеп (жоғары мектеп); 3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша: шағын жинақты мектеп; тірек мектеп (ресурстық орталық); түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп; кешкі мектеп; девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы; ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы; аурухана жанындағы мектеп; 4) халықаралық: халықаралық мектеп; 5) интернаттық ұйымдар: мектеп-интернат; әскери мектеп-интернат; жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат; тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат; көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат; санаториялық мектеп-интернат. 6) біріктірілген: «мектеп-бөбекжай» кешені; «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені; «бастауыш мектеп - бөбекжай - балабақша»; мектеп-гимназия; мектеп-лицей; қосымша білім беру мектеп-орталығы; мектеп-интернат-колледж; оқу-сауықтыру орталығы (кешен); оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық); оқу-тәрбие орталығы (кешен); оқу орталығы; дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|