«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;»; 16) және 17) тармақшалар алып тасталсын; 19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «19) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін әзірлейді және бекітеді; 20) асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) асыл тұқымды малдың жеке карточкасын толтыру нысаны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; 26) тармақша алып тасталсын; 353), 360), 362), 373) және 412) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға беретін халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерасты және жерүсті су объектілеріне қорытындысын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; «360) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекітеді;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|