Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 5-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет). 2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). 3. Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктер, оның ішінде саяси партиялар, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|