ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018.04.01. № 13 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 250 бұйрығына
2-қосымша
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.04.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсету «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушы құжаттарды порталға жүгінген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк осы Стандарттының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жолданады және сақталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
8. Жұмыс кестесі: