<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТА...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы

(2018.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы

3-бап. Ұлттық палатаның мақсаты, міндеттері және жүйесі

4-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен) және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимылы

7-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы

3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі

9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары

10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары

11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары

12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру саласындағы функциялары

13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында кадрларды даярлау,  қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары

14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары

14-1-бап. Алып тасталды

4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ  ТАРАТУ

15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктері

16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі

17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату

5-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ, ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРУ

18-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары

19-бап. Ұлттық палатаның съезі

20-бап. Съезді шақыру тәртібі

21-бап. Ұлттық палата төралқасы

22-бап. Төралқа комитеттері

23-бап. Ұлттық палата басқармасы

24-бап. Ұлттық палатаның тексеру комиссиясы

25-бап. Өңірлік кеңес

26-бап. Өңірлік палаталардың, аудандық және қалалық филиалдардың атқарушы органдары

26-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

27-бап. Мүдделер қақтығысы

5-1-тарау. Алып тасталды

6-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ МҮШЕЛЕРІ. МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАР

28-бап. Ұлттық палатаның мүшелері

29-бап. Міндетті мүшелік жарналар

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

30-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

31-бап. Өтпелі ережелер

32-бап. Құрылтай кезеңі және өтпелі кезең

33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) кәсіпкерлік субъектілері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Ұлттық палата) - Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі - қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) қоғамдық мониторинг - Ұлттық палатаның ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту, оның ішінде шешілуіне нормативтік құқықтық акт бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесіне қол жеткізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайына оның әсерін бағалау жөніндегі қызметі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) міндетті мүшелік жарналар - кәсіпкерлік субъектілерінің осы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде Ұлттық палатаға төлейтін жыл сайынғы жарналары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) 2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) Ұлттық палата жүйесіндегі аккредиттеу - қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдірудің белгіленген критерийлеріне сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) «Іскерлік ахуал» рейтингі - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелерін бағалау және салыстыру үшін жүргізілетін, нормативтік құқықтық актілер мен реттеу құралдарының реттеушілік ықпалын жария талдау, сондай-ақ қалыптасқан құқық қолдану практикасын талдау нәтижелеріне негізделген кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын тәуелсіз зерттеу.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Ұлттық палатаның мақсаты, міндеттері және жүйесі

1. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Ұлттық палатаның міндеттері:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Ұлттық палата жүйесіне:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) республикалық деңгейде:

Ұлттық палата;

  • Показать изменения

Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) аумақтық деңгейде:

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі - өңірлік палаталар);

өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);

  • Показать изменения

өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;

  • Показать изменения

өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) қалалық және аудандық деңгейлерде:

  • Показать изменения

тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі - өңірлік палаталардың филиалдары);

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) осы Заңның мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері кіреді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары

1. Ұлттық палатаның қызметі мынадай:

1) дербестік;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылық;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Ұлттық палата, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің оған мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.

  • Показать изменения

Міндетті мүшелікке негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға мүше болуының міндеттілігі қағидаты қолданылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

 

5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіппен:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен) және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимылы

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Ұлттық палата осы Заңда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін қауымдастықтармен (одақтармен), оның ішінде кәсіпкерлердің салалық, салааралық, өңірлік қауымдастықтарымен (одақтарымен), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік жөніндегі қауымдастықтармен (одақтармен), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін білдіретін қауымдастықтар (одақтар), өзін-өзі реттейтін ұйымдар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Ұлттық палата төралқасында көзделген тәртіппен Ұлттық палата жүйесінде аккредиттеуден өтуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Ұлттық палатаның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Ұлттық палата тарапынан кәсіптік қолдауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салу арқылы өтініш жасауға және дәлелді жауаптар алуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) өз өкілдерін Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау алуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) және өзін-өзі реттейтін ұйымдар осы Заңда белгіленген тәртіппен:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Ұлттық палата съезінің;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Ұлттық палата төралқасының;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Ұлттық палата төралқасы комитеттерінің жұмысына қатысуға құқылы.

  • Показать изменения

Міндетті мүшелікке негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар аккредиттеу үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкестікке тексерілусіз Ұлттық палатада аккредиттеуді алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды шарттық негізде тартуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) және өзін-өзі реттейтін ұйымдар осы Заңда белгіленген тәртіппен өңірлік кеңестер құрамына кандидаттар ұсынуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Өңірлік палаталар өңірлік палатаның жарғысында белгіленген өз құзыреті шеңберінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға өңірлік палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды шарттық негізде тартуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

7. Ұлттық палата осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, оның ішінде:

1) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын әзірлеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарына қорытынды ұсынады;

2) Ұлттық палатаға келіп түсетін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және олардың мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға сараптама жүргізу үшін жібереді;

3) кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде, реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдау түйіндерімен келіспеген жағдайда реттеушілік әсерге балама талдау жүргізеді;

4) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) арасында, сондай-ақ олар мен өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар, өзге де тұлғалар арасында туындайтын дауларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аралық сот пен төрелік қызметтерін көрсетеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы

1. Осы Заңда белгіленген мақсаттарда Ұлттық палата Ұлттық палатаның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларды құруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың мақсаттарын, міндеттерін және қызмет түрлерін Ұлттық палата айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

 

8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі

1. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Ұлттық палатаның осы Заңда көзделген жүйесі ескеріле отырып:

1) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, республикалық деңгейде іске асырылатын және Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды Ұлттық палата жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, аумақтық деңгейде іске асырылатын және жергілікті өкiлдi және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды өңірлік палаталар жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, халықаралық деңгейде іске асырылатын және шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды, сондай-ақ кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметінің дамуына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі функцияларды Ұлттық палата, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері арқылы және (немесе) ол құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары

  • Показать изменения

1. Ұлттық палата осы Заңға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Ұлттық палата:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметінде, Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік мүдделерін білдіреді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамаларына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген функцияларын бизнес-ортаға кезең-кезеңмен беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын алқалы консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар осы Заңда және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен өткізіледі.

Қоғамдық тыңдауларға Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қоғамдық тыңдауларға Ұлттық палата төралқасының шақыруымен қатысады.


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру саласындағы функциялары13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары14-1-бап. Алып тасталды
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ5-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ, ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРУ5-1-тарау. Алып тасталды6-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ МҮШЕЛЕРІ. МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАР7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР