Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенция (Париж, 2016 жылғы 24 қарашада)
ҚР 2020 жылғы 20 ақпандағы № 304-VІ Заңымен ратификацияланды
Осы Конвенцияның тараптары, үкіметтердің өз нәтижесінде пайда салық салынбайтын немесе төмендетілген мөлшерлеме бойынша салық салынатын аумаққа жасанды түрде алып кетілетін халықаралық өктемшіл салықтық жоспарлау салдарынан ұйымдардың пайдасына салынатын салық бөлігінде едәуір бюджет жоғалтуларына ұшырайтынын мойындай отырып; салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кету (бұдан әрі - BEPS) өнеркәсіптік жағынан дамыған елдер үшін ғана емес, қалыптасып келе жатқан экономикалар мен дамушы мемлекеттер үшін де өзекті проблема болып табылатынын назарға ала отырып; пайдаға және өз нәтижесінде пайда қалыптасып, оның құны құралатын негізгі экономикалық қызмет жүргізілетін жерде салық салынуын қамтамасыз етудің маңызды екенін мойындай отырып; ЭЫДҰ-ның/ «Жиырмалық тобының» BEPS жөніндегі жоспарына (бұдан әрі - ЭЫДҰ/G20 BEPS Жоспары) сәйкес әзірленген шаралар топтамасын қолдай отырып; ЭЫДҰ/G20 BEPS Жоспары салық жүктемесін төмендетудің гибридті схемаларын қолдану, келісімдердің ережелерін теріс пайдалануды болғызбау мәселелерін шешу, тұрақты өкілдік мәртебесінен жасанды түрде қашу мәселесін шешу және дауларды шешу рәсімдерін жетілдіру үшін салықтық келісімдерге қатысты шараларды қамтығанын атап көрсете отырып; салықтық келісімдерге байланысты BEPS шараларын көпжақты негізде жедел, үйлестірілген және келісілген түрде енгізуді қамтамасыз ету қажет екенін ұғына отырып; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|