2019-2021 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы
Осы редакция 2019 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 32 168 752,8 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 22 008 696 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 109 818 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 416 165,3 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 9 634 073,5 мың теңге; 2)шығындар - 29 721 572,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 872,1 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 3 787,5 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 915,4 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 444 308,5 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 444 308,5 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімдері - 3 787,5 мың теңге; қарыздарды өтеу - 2 448 096 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге. 2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін: төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 15,1 пайыз; төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 100 пайыз; төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100 пайыз; әлеуметтік салық - 15 пайыз. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|