Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары
1. Осы Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін белгілейді. 2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі - мүлік иелері) тиесілі жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын төлеу арқылы жүргізіледі. 3. Мүліктің құнын өтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған кезде мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, терроризм актісінің жасалуы мен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себепті байланыстың болуы негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|