Осы редакция 2018 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 қаулысымен бекітілген
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 мамырында № 11184 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес облыстық маңызына ие аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті көрсетуші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: 1) мемлекеттік қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|