ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2018.19.12. № 1601 бұйрығымен (бұр.ред.қара) регламент жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 2-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште: міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап; берілген куәліктерге қатысты жоғалған куәліктердің орнына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы; 2) портал арқылы «екінші деңгейдегі банктер» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЕДБ АЖ) және электрондық нысандағы жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|