Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2016.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 7 маусымда және 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер
1. «Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат): 1-тармақта: Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым болып енгiзiлсiн; көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 400-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, төрағаның орынбасары Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Әбденов Серiк Сақбалдыұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек пен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау департаментiнiң директоры; мына: «Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттiгi төрағасының орынбасары» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрi Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi төрағасының орынбасары»; көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы, Отто Иван Иванович, Асанов Жақып Қажыманұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Волков Алексей Юрьевич, Iзбанов Мұхит Кәрiмұлы шығарылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|