Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері, сипаттамасы, конструкциясы; 2) Шекара белгілерін орнату қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1528 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 қаулысымен бекітілген
Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері,
1. Осы Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері, сипаттамасы, конструкциясы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген. Шекара белгілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) жергілікті жердегі немесе Мемлекеттік шекараның екі жағындағы сызығын айқындау үшін көзделген. Олардың географиялық координаталары шегендеу туралы құжаттарда немесе бірлескен - тексеру құжаттарында айқындалған және тіркелген. 2. Шекара белгілері негізгі және аралық болып бөлінеді.
3. Негізгі шекара белгісі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға байланысты, сондай-ақ жергілікті жердің физикалық-географиялық ерекшеліктерінен бір, екі, үш негізгі шекара бағаналарынан және бір орталық шекара бағанасынан тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|