Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2021 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) биржасының тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, оның ішінде АХҚО биржасының тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша субсидиялау эмитенттердің облигациялар бойынша сыйақы ретінде төленетін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|