Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы (2016.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат 3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы 4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар 2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі 5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі 6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі 8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру 9-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
ҚР 2001.01.19 № 145-II ; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем; 2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі; 3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады. 3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша төлеуді білдіреді. 4. Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті Орталық атқарушы орган: 1) жәрдемақылар тағайындау, төлеу тәртібін және оларды тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды; 2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды; 3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметін тексеруді жүзеге асырады; 4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 5) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті Мемлекеттік корпорация: 1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және жинақталуын тексеруді жүзеге асырады; 2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды; 3) алушыларға жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді; 4) ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады; 5) жәрдемақылар төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады; 6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады және жәрдемақылар төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді орталық атқарушы органға жібереді; 7) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган мен орталық атқарушы органға береді.
ҚР 1999.11.16 № 482-I; 2000.12.21 № 130-II ; 2004.31.21 № 28-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен 4-бап (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 8-баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар; 2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары; 4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері); 4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар; 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар , сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар ; 6) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар; 7) бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер; 8) он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар; 8-1) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедек балалар; 9) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ бiрiншi және екiншi дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; 10) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін); 11) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар; 12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.
2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі
ҚР 2001.01.19 № 145-II; 2004.31.21 № 28-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі 1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңның 4-бабында аталған адамдар жәрдемақы тағайындау үшін тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. 2-1. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәлiметтердi қамтитын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс стажын растайтын құжат болып табылады. Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды. 3. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды 4. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды 5. Жәрдемақының мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сондай-ақ мүгедектік тобының өзгеруіне байланысты жүргізіледі. 6. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды 7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
2001.01.19 № 145-II; 2002.03.21 № 308-II 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі 1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді. 2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді. 3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады. 4. Егер мүгедек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедек деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады. Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді. 5. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бірге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
1999.11.16 № 482-I ҚР Заңымен; 2000.12.21 № 130-II ҚР Заңымен; 2004.31.21 № 28-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Жәрдемақы мөлшері Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық; актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға тағайындалады. Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына - 16,0 айлық есептік көрсеткіш; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 16,0 айлық есептік көрсеткіш; 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға - 6,19 айлық есептік көрсеткіш; 4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 7,55 айлық есептік көрсеткіш; 5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне - айлық есептік көрсеткіш; 6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-тағы апаттың. және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,59 айлық есептік көрсеткіш; 7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде мертігуінің және басқа да себептердің (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) - 2,56 айлық есептік көрсеткіш; 8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға- 138,63 айлық есептік көрсеткіш; 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне - 74,65 айлық есептік көрсеткіш; 10) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,60 айлық есептік көрсеткіш; 11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға -2,13 айлық есептік көрсеткіш; 12) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға - 2,13 айлық есептік көрсеткіш; 13) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге - 1,49 айлық есептік көрсеткіш; 14) үшінші топтағы мүгедектерге - 0,64 айлық есептік көрсеткіш; 15) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,96 айлық есептік көрсеткіш; 16) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға: бірінші және екінші топтағыларға - 1,49 айлық есептік көрсеткіш; үшінші топтағыларға - 0,64 айлық есептік көрсеткіш; 17) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға - 6,40 айлық есептік көрсеткіш; 18) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 4,16 айлық есептік көрсеткіш; 19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,07 айлық есептік көрсеткіш; 20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға -1,07 айлық есептік көрсеткіш.
ҚР 1999.11.16 № 482-I; 2001.01.19 № 145-II; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру 1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды. 2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. 3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін. 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады.
9-бап. осы Заңды күшіне енгізу тәртібі Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
|
|