Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі -төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|