Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № ҚР ДСМ-48 бұйрығымен күші жойылды
Диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару
1. Диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес DIN EN 13940 «Медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарын ескере отырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде тағайындалған диагностикалық зерттеулер мен емшараларға (бұдан әрі - медициналық көрсетілетін қызметтер) қатысты өзара іс-қимыл жасайтын сыртқы медициналық ақпараттық жүйелері және электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі - ЭДП) арқылы жиналатын ақпараттың сапасын және ерекшелігін (қасиеттерін) қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. 2. Осы Стандарттың міндеттері: 1) келесі процестерді реттеу бойынша қосымша талаптар және ережелерді анықтау: клиникалық деректерді жинау; диагностикалық зерттеулер мен емшараларға электрондық жолдамалар; 2) медициналық көрсетілетін қызметтерге жіберу процесіндегі клиникалық деректерді нормалау үшін, сондай-ақ диагностикалық зерттеу нәтижесін ЭДП (бұдан әрі - ЭДП) арқылы алу үшін жіктемелер мен сәйкестендіргіштерді анықтау болып табылады. 3. Осы Стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады: 1) клиникалық деректерді жинау - ЭДП-да бар механизмдер мен құралдардың көмегімен, интероперабельдігін және деректерді электрондық өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін халықаралық және ұлттық стандарттарды, анықтамалықтар мен жіктемелерді қолдана отырып, клиникалық деректерді нормалау процесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|