|
Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67/01 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес, экологиялық талаптарды және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Қала және аудан әкімдері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін. 3. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 53/04 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындардың тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|