Осы редакция 2018 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.10.03. № 112 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына 2-қосымша
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» (2017.10.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 22 (жиырма екі) жұмыс күні; 2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан көп емес; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан көп емес. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялардың бірінші траншын төлеу үшін өтініштерді ай сайын 10-ына дейін, ал екінші транш үшін тоқсандық негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|