Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы (2022.12.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес экологиялық бағалау, мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлу; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында экологиялық рұқсаттар объектілерін бөлу бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|