Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; 2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; 3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қайта аталатын мемлекеттік мекемелерге және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша): 1) осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуді; 2) осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізуді; 3) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|