Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы (2014.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін. 2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014.26.02. № 75 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығымен бекітілген
1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарына (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтық өкілеттігін ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді.
2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі
3. Кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін ұсынады: уәкілетті органға: 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; 2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың ақпараттар тізбесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|