2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ҚР 2021 жылғы 14 маусымдағы № 50-VII Заңымен ратификацияланды 2021 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 5 қосымша): мәтін бойынша тиісті жекеше, көпше түрдегі және септеудегі «төлеуші» деген сөз алып тасталсын; 3-тармақтың үшінші-алтыншы абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын: «Аванстық төлемдер, кедендік әкету баждары, салықтар мен алымдар, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленген және уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен өзге де төлемдер (арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қоспағанда) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылуы мүмкін; Уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу бажы ретінде келіп түскен, бірақ нақты тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомалары бойынша сәйкестендірілмеген ақшалай қаражат (ақша) сомалары осы Хаттама мақсаттары үшін кедендік әкелу баждары ретінде қарастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|