ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы (2019.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жыл сайын өткізу белгіленсін. 2. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық тағайындалсын. 3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 4. Қоса беріліп отырған: 1) Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидалары; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 24-і.
№ 590
Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру
1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық (бұдан әрі - сыйлық) тиісті әкімдіктерге жыл сайын бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингі негізінде кәсіпкерлікті қолдау, дамыту саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені және бизнесті ашу мен жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасағаны үшін беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|