Осы редакция 2016 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген
Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1. Осы Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленген және микроқаржы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне моноқалалардағы, шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобаларды іске асыруға беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) жоба - табыс табуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде бизнестің әртүрлі бағыттарында кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы; 2) кәсіпкер - өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсіпкерлік субъектісі; 3) қарыз шарты - микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттарының негізінде микроқаржы ұйымы кәсіпкерге кредит береді; 4) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі - МҚҰ) - коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|