Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 40/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашдағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. «Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 480 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5981 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 20 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|