|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
18.02.2022 Упрощенная декларация: когда платить налоги и социальные платежи?
В большинстве случаев предприниматели, осуществляя деятельность в специальном налоговом режиме на основе упрощенной декларации, допускают ошибки по срокам уплаты налогов и социальных платежей. Такие ошибки приводят к начислению пени. В этой связи, в Комитете государственных доходов МФ РК предоставили разъяснения по срокам уплаты. Как всем известно, согласно статье 688 Налогового кодекса РК, налогоплательщики, применяющие специальный налоговый режим на основе упрощенной декларации, представляют в налоговые органы по месту нахождения упрощенную декларацию (форма 910.00) не позднее 15 числа второго месяца, следующего за отчетным налоговым периодом. Налоговым периодом является полугодие. В связи с чем, участились случаи, когда налогоплательщики уплату исчисленных социальных платежей производят раз в полугодие, наряду с предоставлением налоговой отчетности, что является нарушением норм действующих законодательств. В соответствии с Законами РК «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан», «Об обязательном социальном страховании», «Об обязательном медицинском страховании» социальные платежи уплачиваются не позднее 25 числа месяца, следующего за месяцем выплаты доходов. Это означает, что социальные платежи должны уплачиваться ежемесячно. Соответственно, за несвоевременную уплату социальных платежей начисляется пеня за каждый день просрочки и приводит к приостановлению расходных операций по банковским счетам. В связи с чем, Комитет государственных доходов МФ РК напоминает о своевременной уплате исчисленных социальных платежей.
Оңайлатылған декларация: салықтар мен әлеуметтік төлемдерді қашан төлеу керек?
Көп жағдайда кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимімен жұмыс жасап, салықтары мен әлеуметтік төлемдерін төлеу мерзімдерінен қателесіп жатады. Бұл қателіктері өсімпұлдың есептелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде төлеу мерзімдеріне қатысты түсіндірме берді. Өздеріңізге белгілі, ҚР Салық кодексінің 688-бабына сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органдарына оңайлатылған декларацияны (910-нысан) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді. Негізі, салық кезеңі жартыжыл болып табылады. Осыған сәйкес салық есептілігін ұсынумен қатар есептелген әлеуметтік төлемдерді жарты жылда бір рет төлеу деректері жиі орын алып отыр. Ал бұл өз кезегінде қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бұзу болып табылады. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдер табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Яғни, әлеуметтік төлемдер ай сайын төленуі шарт. Тиісінше, әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеліп соғады. Осыған байланысты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті есептелген әлеуметтік төлемдерді мерзімінде төлеп отыруды естеріңізге салады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |