Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы (2024.30.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 386-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСЛІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСЛІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСЛІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интреграция Министрлігі
«КЕЛІСЛІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрдің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен бекітілген
Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|