Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 қаулысымен бекітілген
Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау бойынша шараларды іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дербес деректер мен оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) дербес деректерді жинау - дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер; 2) дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі - база) - ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|