«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2017 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары; 2) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен сыйлық берілетiн жылы республикалық бюджетте «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесiн. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысымен бекітілген
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары
1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды. 2. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет номинациялар бойынша берiледi. 3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берiлетiн жылы белгiлейдi. 4. Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|