|
«Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне талдау жүргізу;»; «8) ғылыми білімдерді денсаулық сақтау саясаты мен практикасына трансляциялауға, реформалар мен басқарушылық шешімдерді әзірлеуде ғылыми негізделген тәсілді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын: «8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне, олардың денсаулық сақтау жүйесінің сапасына, қолжетімділігіне және орнықтылығына, әлеуметтік және экономикалық әсеріне ықпалын ескере отырып, талдау жүргізеді;»; «9) денсаулық сақтау саласындағы реформаларды, нормативтік өзгерістер мен басқарушылық шешімдерді ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында ғылыми-талдамалық шолулар мен Policy Brief (нақты деректерге негізделген талдамалық анықтамалар) әзірлеуді және қарауды ұйымдастырады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|