Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2017.08.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне және сот тәжірибесін одан әрі қалыптастыру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 1968 жылғы 25 қыркүйектегі № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 14 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге: 1) кіріспеде бүкіл мәтін бойынша «милиция» деген сөз «полиция» деген сөзбен ауыстырылсын. 2) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.». 2. ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге: 1) 1-тармақта: бірінші абзацта «бірінші сатыдағы соттың іс жөніндегі іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады» деген сөздер «бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|