«Орта білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 107-1679 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 107-2157 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Орта білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 107-1679 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 962 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қарашадағы № 128 (3333) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 14 қарашадағы № 128 (3351) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулыға 1, 2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 18 сәуірдегі № 107-749 қаулысына 1-қосымша
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|