ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.03.11. № 467 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды. 2. Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде өткізіледі. ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Премьер-Министдің өкімімен құрылған ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) немесе қалған жобалар бойынша конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады. Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады. Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|