Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2016.09.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 18 наурыздағы № 345/48-V шешімімен бекітілген
Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер
1. «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III шешiмiнде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, «Астана хабары» газетінің 2004 жылғы 15 мамырдағы 62-63 нөмірлерінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2004 жылғы 22 мамырдағы 63-64 нөмірлерінде жарияланған ): көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|