Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (Анкара қ., 2018 жылғы 13 қыркүйекте)
ҚР 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 281-VI Заңымен ратификацияланды 2021 жылғы 26 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі «Тарап» немесе «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі өзінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын ұстанатынын растай отырып, екіжақты әскери ынтымақтастықты қолдау жөніндегі бірлескен күш-жігерді жүзеге асырудың маңыздылығын мойындай отырып, Тараптардың әрқайсысының өзара құрметке, сенімге және мүдделерін ескеруге негізделген ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастыққа ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Мақсаты Осы Келісімнің мақсаты Тараптар арасындағы тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидаттары негізінде әскери ынтымақтастықты орнату және одан әрі дамыту болып табылады.
Анықтамалар Осы Келісімде пайдаланылатын анықтамалардың мынадай мағынасы бар: 1) жіберуші Тарап - осы Келісімді іске асыру мақсатында қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағына персоналды, материалдық құралдар мен техниканы жіберетін Тарап; 2) қабылдаушы Тарап - осы Келісімді іске асыру мақсатында мемлекетінің аумағында жіберуші Тараптың персоналы, материалдық құралдары мен техникасы орналастырылатын Тарап; 3) шақырылған персонал - осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптардың бірі екінші Тарап мемлекетінің аумағына жіберетін қарулы күштердің әскери қызметшілері немесе азаматтық персоналы; 4) шақыру бойынша білім алушы - жіберуші Тарап қабылдаушы Тараптың әскери оқу орындарына немесе жіберуші Тарап айқындаған, қабылдаушы Тараптың қарулы күштеріне тиесілі басқа да білім беру мекемелеріне жіберетін білім алушы; 5) асырауындағы адамдар - ерлі-зайыптылар және жіберуші Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес шақырылған персоналдың асырауында болатын балалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|