Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 160/5 қаулысымен бекітілді
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 27/1 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.19.02. № 41/2 Қаулысымен «халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «Мемлекеттік корпорациямен» сөздерімен, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылды, «Павлодар облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара) «АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» (2016.19.02. берілген өзгерістермен)
1. «АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталықтар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығымен бекітілген «АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын адамның иммунитет тапшылығы вирусына қарсы антиденеге арналған зерттеу туралы анықтама-сертификат. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|